«Айтыс – ұлттық қазына, ғасырлар жемісі» атты кітап көрмесі
" Ақындар айтысы" республикалық сайысын дайындау жобасы аясында, мектеп кітапханасында «Айтыс – ұлттық қазына, ғасырлар жемісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері, даму тарихы туралы оқушыларға мағлұмат беру. Ұлттық өнерді насихаттау. Салт- дәстүрді дәріптеу.