6«в» сынып оқушылары Ұлы Отан Соғысының тыл ардагері Пономарев Михаил Александровичке алғысын білдіріп, үйіне барып қайтты. Оқушылар ардагердің қызықты оқиғаларын тыңдап, елді қорғау-ер азаматқа берілген ұлы мәртебе екенін білді, аталар ерлігімен орнаған тыныштық заманның бағасын жете түсінді.