«Тәуелсіздіктің – ұлы рухы» » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 29-45-840
bookkeeping:
+7(72) 29-43-221
Version for
visually impaired
29
қазан
2021

«Тәуелсіздіктің – ұлы рухы»

«Тәуелсіздіктің – ұлы рухы»
25 қазан 2021 жылы сағат 12-00 де С.Сейфуллин атындағы №74 мектеп оқушыларымен Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты , Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты және ҚР Мәдениет қайраткері және ҚР The presidentінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі Болатбек Төлепбергенмен Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің – ұлы рухы» атты кездесу кеші өтті.
Іс – шараның мақсаты: Жас буын және өскелең ұрпаққа Қазақстанның елдігі, тәуелсіздігі және дамуы туралы кеңінен мәлімет беру, оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Желтоқсан оқиғасын зерттеуші, бірнеше кітаптың авторы Болатбек Төлепберген тамаша естеліктерімен бөлісіп, Желтоқсан оқиғасы тарихынан тағылымды ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында, оқушылар қаламгерге жеке сұрақтарын қойып, қолтаңбасын алып, суретке түсті. Интерактивті тақтадан желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан алауы» деректі фильмі көрсетілді.
Кітапханашылар «Желтоқсан Тәуелсіздіктің – ұлы рухы» кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: