Ата-аналар жиналысы туралы АҚПАРАТ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қараша
2015

Ата-аналар жиналысы туралы АҚПАРАТ

С.Сейфуллин атындағы №74 ЖББ мектепте

өткен жалпы мектептік ата-аналар жиналысы туралы

АҚПАРАТ

29.10.2015 жылы №74 ЖББ мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-4 сынып ата-аналары қатысты. Бастауыш сыныптағы жалпы оқушы саны - 517, жиналысқа қатысқан ата-аналар саны - 90. Жиналыс барысында «С.Сейфуллин атындағы №74 ЖББ мектептің кіріс және шығыс есебі» тақырыбында мектеп директоры баяндама оқыды. Баяндамада мектептегі оқушы саны, педагогтар құрамы, материалдық - техникалық база, жалпы кіріс туралы ақпарат берілді. Жалпы кіріс – 153772 мың теңге және осы қаражаттың қайда жұмсалғаны жөнінде толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар, мектеп психологы Д.Данабекқызы «Отбасындағы тәрбие» тақырыбында баяндама оқып, бейнеролик көрсетті.

Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылмады, тек қана тілектер айтылды.

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: