Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған іс-шаралар » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2016

Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған іс-шаралар

  Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша
Анықтама

   Көрнекті ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына байланысты мектебімізде 27.01-09.02.2016 жыл аралығында арнайы жоспар бойынша мектепішілік іс-шаралар өтті. 

   Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны мен еңбектерін насихаттау, оқушылардың оқу-білімге деген құштарлығын арттыру. 

  Мектеп оқушылары мектепішілік іс-шараға белсене қатысып, жағымды әсер алды. 5 А сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сәдуақасова А.Н. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы тәрбие сағатын өтті. Қазақ тілі пәні мұғалімі Махимова Т.А. және музыка пән мұғалімдері 5-8 сыныптар арасында «Сағындырған саздар-ай» атты музыкалық кеш өткізді. Тоқташбай А.Н. 4-сынып оқушыларымен «Жас қайың» атты сайыс сабағын өткізді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Зәкариянова С.З. 8-9 сыныптар аралығында «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» атты шығарма байқауын өткізді.  Кошекова А.Ж. 6-7 сыныптар арасында Мұқағали өмірі туралы бейнефильм көрсетті. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Нұртазаев Е.Н. 3-10 сыныптар арасында  Мұқағали жырлары бойынша сурет көрмесін ұйымдастырды. «Мұқағали туралы не білеміз?» атты сұхбат сабағын  7-9 сыныптар арасында  Ерназарова Г.П.,Махимова Т.А. ұйымдастырды. «Мұқағали ұрпағымен мың жасайды» атты қалалық  шығарма байқауына 11-сынып оқушылары, атап айтқанда Әкімхан Ұлжан, Жабықбай Динара, Ибрайымжан Нұрсая және қазақ тілі пәні мұғалімі  Зәкариянова С.Н. қатысты. 7-10 сыныптармен «Мұқағали жыр алыбы» тақырыбына газет шығарған Ерназарова Г.П.  «Мұқағали оқуы – 2016» 3-10 сыныптар арасында жауапты мұғалім Зәкариянова С.З. Кітапхана меңгерущісі Абуева Ж  «Мұқағали ұрпағымен мың жасайды» атты тақырыптық сөре ұсынды. 


 

 

 

 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: