"Рәміздерім мақтанышым!" сыныптан тыс онлайн тәрбие сағаты » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
маусым
2021

"Рәміздерім мақтанышым!" сыныптан тыс онлайн тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Рәміздерім – мақтанышым"

Сабақтың мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.Отан — жерім, Отан — суым,Отанқуат, нәр береді.Отан — ұран, Отан — туым,Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман — тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті. Осы орайда 4-9 сыныптар арасында онлайн тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: