1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталады » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
наурыз
2022

1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталады


Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы
ПРЕСС-РЕЛИЗ

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың бірінші сыныптарына қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.
Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.
Бірінші сыныпқа тіркеу ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 30 тамызына дейін жүргізіледі.
Қызмет тегін көрсетіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: