«Алматы біздің қала» экологиялық акция » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
сәуір
2024

«Алматы біздің қала» экологиялық акция

«Алматы біздің қала» экологиялық акция аясында 5«Ә» сынып оқушылары «Баум тоғайына» саяхат жасады. жетекшісі-Шүйкебаева Э. Б.
Баум тоғайы – мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің бірі. ҚР Үкіметінің арнайы №1074 қаулысы бойынша 2006 жылдан республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енгізілді. Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарайды, аумағы 130 га. Баум тоғайы қазіргі кезде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға сәйкес Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағының Ақсай бөлімшесінің қарамағына берілген. Тоғай 1868 ж. «Верный бағы» ретінде қолдан отырғызылған. Кейін Верный қаласының бас бағбаншысы Э.О.Баумның (1850 – 1921) тікелей басшылығымен бақ аумағы кеңейтіліп, көгалдандыру жұмыстары қайтадан жүргізілді. Сондықтан бағбанның құрметіне арнап баққа Баум есімі берілді. Баққа Мәскеу, Пенза, Ялта, Ташкент қалаларынан алуан түрлі жеміс ағаштары мен жалпақ және қылқан жапырақты ағаштарының көшеттері әкелініп отырғызылды. Алғашқы кезде тоғайда алманың 74, алмұрттың 49, қылқан жапырақты ағаштың 17, жалпақ жапырақты ағаштың 44, әр түрлі бұталардың 52 түрі болды. 1894 ж. Баум Баум тоғайын көгалдандыру жөнінде бағдарлама жасап, оны қалалық Думаға ұсынды. Бұл бағдарлама 1899 ж. толығымен жүзеге асып, тоғай Алматы қаласының жасыл желекті аймағына айналды. Осы күні Баум тоғайында 250 мыңдай әр түрлі ағаштар өсуде. Мұнда 2009 – 11 ж. арналған респ. Баум тоғайы мемлекеттік табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау туралы іс-шаралар жоспары нақтыланып бекітілген. Баум тоғайының Алматы қаласының ауасын тазартуда рөлі мен қала тұрғындарының демалыс орны ретіндегі маңызы зор.

#Алматыбіздіңортақүйіміз
Видеороликке сілтеме

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: