Қашықтықтан оқыту. Дистанционное обучение » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сәуір
2020

Қашықтықтан оқыту. Дистанционное обучение

Қашықтықтан оқыту-тығырықтан шығудың жолы «Қиындықты сен жеңбесең, қиындық сені жеңеді» деген Мырзатай Жолдасбековтың ойы қазіргі кезеңге дәл айтылған тәрізді. Сондықтан қиындықты жеңуді мақсат еткен еліміздегі ұстаздар қауымы 4-тоқсанды жаңа форматта бастап кеткені бәрімізге мәлім. Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мұғалімнің қашықтан өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту екендігін де білеміз. Қашықтықтан білім беру, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған оқушылар өз бетімен білім алуға бағыталады және оны жүзеге асыруда ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туындайды. Бұл үшін біздің С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектепте қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары, Kundelik.kz, BilimLand білім платформалары қолданылуда. Электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы да ұйымдастырылады. Жаңа форматта оқытуда қиындықтар туындаған жоқ, керісінше оқушылар мен ата-аналар қашықтан оқыту үдерісіне тез үйреніп, оқушының іздену жұмысына мүмкіндік жасауда.

Оқытушының кеңесі– қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттарының бірі. Мектеп директоры М.Ш. Алтынованың басқаруымен әр сынып бойынша ұйымдастырылған білім чаттарын, оқушыларға берілетін оқу тапсырмаларын бақылау мақсатында әр сыныптың чаттары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Р.А. Батырбекова, Ж.М. Садықова, А.С. Юсупова, Г.А. Билибаеваларға бөлініп, қадағалау жұмысы жүктелген. Мектеп басшысы Мақсат Шаймерденқызының нұсқауымен бақылау-кеңес беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Әр сабақтың қызықты әрі оқушының жас ерекшелігіне сай тапсырмалармен толықтырылуына, оқшылардың сабаққа түгел қатысуына, тапсырмалардың қолжетімді болуына бақылау мектеп әкімшілігі тарапынан жүргізіледі. Әр сынып бойынша сабаққа оқушылардың белсене қатысуы негізге алынады. Басты мақсат оқушылардың сабаққа 100 % қамтылуы болып табылады. Бұл жұмыс күнделікті мектеп басшы М.Ш. Алтынованың жіті қадағалануында, мәселелер туындаған жағдайда бірден шара қолданылып, түзетілу жұмыстары жүргізіледі. Ата-аналармен де тығыз байланыс орнатылған. Бір күнгі жұмыстың жүргізілуі сол күннің соңында мектеп басшысының ұйымдастыруымен директордың орынбасарларымен бірге конференция ұйымдастырылып, талқыланады. Оқушылар мен мұғалімдерден кері байланыс ұйымдастырылып, қиындық тудырған мәселелр бойынша келесі қадамдар жасалып, қиындықтан шығу мәселелері қарастырылады.

Қашықтықтан оқыту барысында мұғалім оқушының жұмысын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Мұғалім оқушыға арналған

өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Осыған байланысты қашықтықтан оқытуда білім беру сапасын бақылауды дұрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайтыны анық. Сондықтан біз мектеп әкімшілігі осы бағыттағы жұмыстарды белсенді түрде жүзеге асырып отырмыз. Әр пән мұғалімінің оқушының өз берімен жұмысын ұйымдастыруы жіті бақылауда болып, оқушының өз бетімен білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған .

C.Сейфуллин атындағы №74

жббм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Р.А.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: