"Мұқағали оқулары - 2024" » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №74 имени С.Сейфуллина»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(72) 29-45-840
Бухгалтерия
+7(72) 29-43-221
Версия для
слабовидящих
14
февраль
2024

"Мұқағали оқулары - 2024"

Қазақ поэзиясының падишасы атанған асқар ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай, мектебімізде оқушылар арасында « Мұқағали оқулары—2024» байқауы ұйымдастырылды. Сыршыл ақын 1931 жылы 9-февральда дүниеге келген. Байқауға 5-10-сынып оқушылары қатысты. Ақынның жауһар жырларымен сусындатқан ән мен жыр мерекесін ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәндер әдістемелік бірлестігі.
Мұқым қазақты сырлы да нәзік, шынайы мөлдір жырларымен табындырған Мұқағали ақынның проза жанрының төрінде алатын орны бір бөлек. Сөз өнерін жанына жалау еткен, жазу машығын өмірінің өзегіне айналдырған ол өзінің жазған туындыларымен қазақ поэзиясының әлеміне көптеген тамаша туындылар әкелген. Өлең өлкесіне өзінің ерекше үнімен келген ақын қарапайым да асқақ болмысымен, шыншыл да шымыр өлеңдерімен қазақ халқының жадында мәңгі қалып қойды.
Сілтемеге өтіңіз/ Перейдите по ссылке

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: