"Алматының жыл мұғалімі 2021 " байқауы » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №74 имени С.Сейфуллина»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(72) 29-45-840
Бухгалтерия
+7(72) 29-43-221
Версия для
слабовидящих
06
март
2021

"Алматының жыл мұғалімі 2021 " байқауы

Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен, "Ұстаз деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт.
Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы № 74 жалпы білім беретін мектепте «Жыл мұғалімі-2021» мектепішілік байқау өтті.
Байқауға шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тағылымды тәрбие алуына сүбелі үлес қосып жүрген үздіктердің үздігі қатысты. Олар 3 аталым бойынша сайысқа түсті. «Лучший портфолио » «Өзін—өзі таныстыру», «Лучший сабақ» деп аталатын сайыстарда қатысушылар өздерінің іскерлігі мен ізденімпаздық қасиеттерін ортаға салды.
Жыл мұғалімі байқауына 5 ұстаз қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды. Нәтижесінде , дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кабылдин Нурлан Косманович «Бас жүлдеге» ие болып, аудандық байқауға жолдама алды. Бірінші орынды- биология пәнінің мұғалімі Саутова Саида Елакақызы, екінші орынды - бастауыш сынып мұғалімі Оспанғалиева Әйгерім Төленқызы, үшінші орынды - математика пәнінің мұғалімі Олейник Ольга Анатольевна және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ноғайбаева Бағлан Байбекқызы иеленді. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, кәсіподақ сыйлығына ие болды.
"Алматының жыл  мұғалімі  2021 "  байқауы


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: