«Ділмар» шешендік байқауы. Конкурс красноречия "Ділмар" » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №74 имени С.Сейфуллина»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(72) 29-45-840
Бухгалтерия
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
03
ноябрь
2021

«Ділмар» шешендік байқауы. Конкурс красноречия "Ділмар"

«Ділмар» шешендік байқауы

«Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір» демекші, бір сөзге тоқтаған қазақ халқымыз шешендік өнерді ең асыл өнерлердің бірі деп санаған. Сондықтан да бұл өнерді жас ұрпаққа дәріптеу, өнерін шыңдау - біздің басты мақсатымыз. Соның аясында 1-ноябрь күні С.Сейфуллин атындағы №74 ЖББМ-те 8-11-сынып оқушылары арасында «Ділмар» ІІІ республикалық шешендік өнер байқауы өтті. Бұл байқаудың негізігі мақсаты - оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.Ал, міндеттері – шешендік өнердің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге бейімделу; би-шешендердің шешендік сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру; шешен сөйлеуге, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану, күнделікті өмірде қолдану болып табылады.
Байқауға 4 мектептен 7 оқушы бақ сынасты. Жүзден жүйрікті анықтауға Алматы дарын орталығының Түрксіб ауданы бойынша кураторы Сатаев Исатай Имангалиевич , Такежанова Бакыт, Искакова Қарақат, Жумагулова Тамара, Зейтказиева Нургул сияқты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдер төрелік етіп, әділ бағаларын берді.
Талаптарды анықтау 4 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде қатысушылар жеребе арқылы сұрақ таңдап, оның иә немесе жоқ бағытын қорғаса, 2-кезеңде екі қатысушы бір-біріне ұтымды, өзекті, өткір сұрақ қоюы арқылы бағаланды. 3-кезеңде қарсы бағытты қорғап, 4-кезеңде сарапшы мен көрерменнің сұрақтарына дәйекті, ұтымды жауап беруі талап етілді.
Нәтижесінде 1-орынды иеленген №107 лицей оқушысы Ербол Ерсін мен №162 мектеп гимназиясының оқушысы Қалдыбек Дилназ қалалаық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, Батырмухамедова Аида, Рамазан Назерке 2-орынды, Байсин Жазира, Сейтжанова Аяна, Даут Қуаныш 3-орынды қанжығаларына байлап кетті.
«Ділмар» шешендік байқауы. Конкурс красноречия "Ділмар"

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: