Ыбырай Алтынсарин туғанына 180 жыл » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №74 имени С.Сейфуллина»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(72) 29-45-840
Бухгалтерия
+7(72) 29-43-221
Версия для
слабовидящих
16
сентябрь
2021

Ыбырай Алтынсарин туғанына 180 жыл

«Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар», - деп бар ғұмыры мен күш-қуатын рухани ағарту саласына жұмсаған, әсіресе жастарды оқу және өнер-білімге, мәдениет пен өркениет көшіне ілесуге шақырған Ы.Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толып отыр. Осы ретте Сәкен Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында қазақ халқының тарихы және әдебиеті мен мәдениетінде терең із қалдырған Ы.Алтынсариннің өшпес ілімі мен өнегелі мұраларын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Кел , балалар, оқылық!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби сахналық кеш өткізілді.
Көрмеге Ыбырай Алтынсариннің шығармалары және мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, фотоматериалдар қойылды.
Библиотека меңгерушісі Абуева Ж.С.




Ыбырай Алтынсарин туғанына 180 жыл

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: