"Қысқы қиял" байқауы
Түрксіб ауданы мектептері арасында ГИРЦ-тің ұйымдастыруымен "Қысқы қиял" тақырыбында аудандық балалар суреттері мен қолөнер байқауы өтті. Аудандық байқауды инклюзивті білім беру орталықтары бірлесе отырып өткізді. Байқауға №11, №32, №50, №59, №71, №78, №84, №85, №89, №115, №203, №211 ЖББ мектептер, №107 лицей, №44, №211 мектеп-гимназияларының 1-4 және 5-9 сынып оқушылары қатысты.
Д.Бабаев атындағы №115 ЖББ мектептің 3 "Ә" сынып оқушысы Джаркымбаев Даурен, №59 мектеп-гимназиясының 1 "Б" сынып оқушысы Берікқызы Балауса, №78 мектеп-лицейдің 4 "Д" сынып оқушысы Шабанов Даниил осы байқауда І орынды иеленді.
№44 мектеп-гиназиясының 2 «Г» сынып оқушысы Иванов Богдан, №11 ЖББ мектептің 5 «В» оқушысы Голубев Богдан, №85 ЖББ мектептің 5 «А» сынып оқушысы Хасанов Томирис жүлделі ІІ орынға ие болды.
№84 ЖББ мектептің 1 «Б» оқушысы Мухтар Бағлан, №211 мектеп-гимназиясының оқушысы Жанабай Айзере, №89 ЖББ мектептің 4 «В» сынып оқушысы Догамбекова Лаура ІІІ орынға ие болды.
Қатысушылар «Жас суретші», «Сиқырлы қалам», «Үздік сурет», «Ғажайып палитра», «Жаңашылдық», «Үздік фальсификация», «Қылқалам шебері», «Ең ерекше сурет» номинациялары бойынша марапатталды.