Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жетістігімді еліме арнаймын”атты салтанатты жиын / Торжественное мероприятие «Посвящаю свой успех моей стране».
13
желтоқсан
2024

“Жетістігімді еліме арнаймын”атты салтанатты жиын / Торжественное мероприятие «Посвящаю свой успех моей стране».

Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз,                                                            
Қымбаттанда ең қымбатты барымыз.                                                                               
Тәуелсіздік - білектегі әліміз,                                                                                                
Тәуелсіздік - жүректегі әніміз. 
1991жылдың желтоқсан айының 16 күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл міне 33 жыл толып отыр. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт.
С.Сейфуллин атындағы №74 ЖББ мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 толуына орай “Жетістігімді еліме арнаймын”атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп директорымыз Батырбекова Раушан Асылқызының алғы сөзімен басталды. Сонымен қатар салттанты жиынның құрметті қонағы Кулова Сандуғаш Дүйсенқызы -патриот ұйымының мүшесі, ҚР Президентінің “Тәуелсіздікке-30 жыл” медалінің иегері, желтоқсан оқиғасының куәгері, желтоқсаншыл куәлігінің иегері қатысты.
Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі жастар.  Жиында Егеменді елдігімізді, Тәуелсіздігімізді мақтан ете отырып, мектеп мақтаныштарын да елеусіз қалдырған жоқпыз. Болашағымызды жастарға табыстай отырып, мектеп оқушыларын, соның ішінде аудандық, қалалық олимпиада жүлдегерлерін, спорт жеңімпаздарын марапаттадық. Алар асуларың, жетер жетістіктерің көп болсын! ҚР-ның тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын! Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: