«Жасөспірімдер арасындағы буллингті анықтау, жою, алдын алу» дәріс
2024 жылдың 13 желтоқсанда 5-11 сыныптармен Жасөспірімдер арасындағы буллингті анықтау, жою, алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында оқушыларға буллинг жайында айтылып, сұрақтар қойылды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп, ойға шақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Буллинг пен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін – өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметтік желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.
