Өзіңмен және басқалармен тату өмір сүру.
Тақырыбы: Өзіңмен және басқалармен тату өмір сүру.
Мақсаты: командалық рухты, бірлікті, толеранттылық пен өзара сыйластықты біріктіру, эмпатия сезімін дамыту, тыңдау және есту қабілетін арттыру. Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру. Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.
Уақыты: ақпан айы, 2025 жыл
Қатысушылар: 9 – 10 сыныптар
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
3. «Менің өмірім...» жаттығуы.
4. Ой қозғау «Ұлылардан ұлағат»
5. Жағдаяттарды талқылау
6.Ақыл – кеңес
7. «Бақытты өмір»
8. Жаттығу «Арман кемесі» .
Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін! Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен. Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.

