Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ақпан
2025

Государственная служба – это честный труд в интересах страны

06.02.2025ж. 9 сыныптарда "Мемлекеттік қызмет — елдің мүддесіне адал еңбек" тақырыбында құқық негіздері пәнінен ақпараттық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы, оның елдің дамуына қосатын үлесі, және мемлекеттік қызметшілердің адал қызмет ету принциптері туралы түсініктер берілді. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында нақты мысалдар мен өмірлік жағдайлар қарастырылды.

Сабақтың мақсаты — оқушылардың мемлекет алдындағы жауапкершілікті түсінуі мен мемлекеттік қызметтің қоғамдағы ролін бағалауы. Сабақтың жетекшісі — құқық пәнінің мұғалімі Темірхан Нұрланұлы, ол білім беру процесінде заманауи әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды мемлекеттік қызмет туралы тереңірек ойлауға және осы салаға қызығушылық танытуға ынталандырды.

Сабақтың нәтижесінде оқушылар мемлекеттік қызметтің маңызы туралы түсінік алып, өздерінің болашақта қоғамға пайдалы еңбек етуге деген мотивацияларын арттырды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Ұқсас жариялымдар:

17 қаңтар 2025 Мәзір/меню 17.01.2025
20 қаңтар 2025 Мәзір/Меню 20.01.2025