03
сәуір
2025
"Мемлекеттік қызмет — елдің мүддесіне адал еңбек" Адал Ұрпақ дөңгелек үстел
03.04.2025 "Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным" тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Ашимбаева Ф.Е. дөңгелек үстел өткізді. Сабақ барысында оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдық өмірдегі маңызды орны, оның адам өміріне және қоғамға әсері туралы тереңірек түсінік берілді..Сабақта оқушыларға мемлекеттік қызметшінің моральдық және этикалық жауапкершіліктері, оның ел алдындағы міндеттері, адал қызмет ету принциптері түсіндірілді. Оқушылар тақырыпты талқылап, мемлекеттік қызметті атқару үшін қажетті қасиеттер мен дағдылар туралы өз ойларын білдірді.
Сабақтың мақсаты — оқушыларды мемлекеттік қызметтің маңызы мен оның қоғамдағы рөлі туралы ақпараттандыру, жастардың болашақта өздерінің патриоттық парызын орындауға деген қызығушылығын арттыру болды. Мұғалім сабақта тарихи оқиғаларды, мысалдарды және нақты өмірлік жағдайларды пайдалана отырып, пәннің мәнін тереңдетті