"Әлеуметтік желінің бала психикасына әсері" дәріс сабақ
2025 жылғы "_11_" сәуір күні мектебімізде педагог-психолог Қайырлы Ә.Қ. жетекшілігімен "Әлеуметтік желінің бала психикасына әсері" тақырыбында дәріс-сабақ өткізілді.
Дәріс сабақтың мақсаты – оқушыларға әлеуметтік желінің оң және теріс жақтарын түсіндіру, ақпараттық қауіпсіздік негіздерімен таныстыру және интернет кеңістігінде өзін-өзі дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысында балалармен ашық пікір алмасу, нақты мысалдар келтіру, сұрақ-жауап және интерактивті жаттығулар ұйымдастырылды. Қатысушылар интернет желісінде ұзақ уақыт өткізудің психологиялық салдары, кибербуллинг, виртуалды тәуелділік, сондай-ақ желідегі этикалық нормалар туралы мағлұмат алды.
⠀Іс-шараға 7–сынып оқушылары қатысты. Оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп отырды. Дәріс оқушылардың әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануына, ақпаратты дұрыс сараптауға және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталды.