Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
мамыр
2025

""Болашақ Қазақстан – менің арманым" сурет байқауы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі" ұлттық іс-шаралар жоспары аясында 5–6-сынып оқушылары арасында "Болашақ Қазақстан – менің арманым" атты сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ел болашағына деген көзқарасын бейнелеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін нығайту болды.

Шара барысында жас суретшілер өз армандарындағы Қазақстанды бейнелеп, еліміздің болашағына қатысты қиялдарын түрлі бояу мен бейнелеу тәсілдері арқылы көрсетті. Балалар суреттерінде бейбітшілік, гүлденген мемлекет, заманауи технология, таза табиғат және ұлттық құндылықтарды ерекше ықыласпен суреттеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: