«Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» кітап көрмесі
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында мектебімізде «Ата Заң – тәуелсіз ел тұғыры» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларға Қазақстан Конституциясының маңызын түсіндіру, оның тарихымен, құрылымымен және ел дамуы жолындағы рөлімен таныстыру. Көрмеде еліміздің негізгі заңы – Конституцияға қатысты түрлі әдебиеттер, тарихи құжаттар мен құқықтық анықтамалықтар қойылды.
Көрме аясында бітіруші сынып оқушыларына арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар еліміздің құқықтық негізі туралы тереңірек мағлұмат алып, Конституцияның әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудағы рөлі туралы түсініктерін кеңейтті.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, Ата Заңға деген құрметін арттыруға және елжандылық қасиеттерін нығайтуға бағытталды.