10
қыркүйек
2025
"Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы"
Балалар кітапханасы аясында *"Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы"* атты *«Бір мақал, бір тәтті»* акциясы өткізілді. Іс-шара Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылып, оқушылар мен кітапхана оқырмандарының белсенді қатысуымен өтті.
*Мақсаты:*
– Мемлекеттік тілді құрметтеу, тіл мәдениетін дәріптеу;
– Ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту;
– Балалардың тіл байлығын арттыру, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ояту.
Акция барысында балалар қазақтың бір мақалын айтып, кішкене сыйлық немесе тәттілермен марапатталды. Іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, достық пен тілге деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.