17
қазан
2025
Ғабит Мүсірепов атындағы музейге экскурсия
2025 жылдың 17 қазан күні 7-сынып оқушылары Республика күніне орай Ғабит Мүсірепов атындағы музейге экскурсияға барды. Іс-шараны сынып жетекші мен профориентатор ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жазушы Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, тарихи-мәдени мұраларды дәріптеу, ұлтжандылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру онымен қоса музей қызметкерлерінің жұмыстарымен танысты.Экскурсия барысында оқушылар музей қорындағы жазушының жеке заттарымен, шығармашылық мұраларымен танысты. Ғабит Мүсіреповтің еңбек жолы мен әдебиеттегі рөлі туралы экскурсия жетекшісі арнайы шолу жасады. Сонымен қатар, оқушылар сұрақтар қойып, жазушының шығармаларынан үзінділер тыңдап, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.