Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қазан
2025

ҚР Қарулы Күштерінің 12888 әскери бөлімі арасында ынтымақтастық туралы меморандум

Республика күніне орай мектебіміз бен ҚР Қарулы Күштерінің 12888 әскери бөлімі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға
қол қойылды.
Осы меморандум ҚР Үкіметінің «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 2023
жылы 25 қыркүйектегі Nº1039 қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.
Меморандумның мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық, және рухани бағыттағы іс-шараларды бірлесе
ұйымдастыру, сондай-ақ жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады.
Іс-шара аясында мектебіміздің "Жас сарбаз" клубының мүшелері Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжіне барып,
колледжде ұйымдастырылған мерекелік концертке қатысты, студенттердің өнерін тамашалады және бірлік пен экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында ағаш отыргызды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: