16
қазан
2025
«Мамандық таңдауы – идеядан жүзеге асыруға дейін» тақырыбында қала деңгейіндегі әдістемелік семинар
2025 жылдың 6 қазан күні Алмалы ауданының №134 лицейінде «Мамандық таңдауы – идеядан жүзеге асыруға дейін» тақырыбында қала деңгейіндегі әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар «Адал азамат» біртұтас тәрбиелік бағдарламасы аясында оқушылардың кәсіби бағдарлау мәселелеріне арналды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын дамыту, мамандық таңдау процесінде саналы шешім қабылдауына қолдау көрсету, сонымен қатар мектеп, ата-ана және кәсіби бағдар беруші педагогтар арасындағы өзара әрекетті нығайту.
Семинар жұмысына мемлекеттік және жекеменшік орта білім ұйымдарының кәсіби бағдар беруші педагогтары қатысты. Іс-шара барысында спикерлер сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті, қатысушылар арасында пікірталастар ұйымдастырылып, кәсіби бағдар беру жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды.