Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
желтоқсан
2025

«Адал азамат қалыптастырудағы Бауыржан Момышұлының тұлғалық рөлі»

Бүгін мектеп қабырғасында ел ертеңі – жас ұрпақтың бойында адалдық, патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілік қалыптастыруды мақсат еткен әсерлі де мазмұнды қалалық семинар өтті. Шара «Адал азамат қалыптастырудағы Бауыржан Момышұлының тұлғалық рөлі» тақырыбында, ұлт қаһарманының 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Семинарға Алматы қаласының Бостандық, Жетісу, Алатау және Түрксіб аудандарының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері, сондай-ақ Түрксіб ауданы ардагерлер алқасының төрайымы Байгутдинова Г.А. арнайы қатысып, өнегелі ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, мектебіміздің рухани орталықтарының біріне айналған мұражайдың негізін қалаушы Козедуб Л.Г. қонақ ретінде шақырылып, ұзақ жылдық еңбегінің маңызы атап өтілді.
Іс-шара үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлім – Бауыржан Момышұлының өмір жолына арналған тағылымды шағын концерт. Оқушылар даңқты қолбасшының ерлігі мен елге қызмет ету идеясын жүрек тебірентерлік көріністер, өлеңдер және музыкалық композициялар арқылы әсерлі жеткізді.
Екінші бөлімде жас сарбаздар ұйымдары арасында әскер-тактикалық бағыттағы эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Бұл бөлім оқушылардың шыдамдылық, батылдық, ептілік сияқты қасиеттерін шыңдап, Бауыржан Момышұлының жауынгерлік рухын сезінуге мүмкіндік берді.
Үшінші бөлім мектеп мұражайында жалғасын тауып, қонақтар тарихи жәдігерлермен, батырдың ерлігіне арналған экспозициялармен танысты. Мұражай – ұрпаққа аманат болған рухани байлықтың, батырлық шежіренің айқын көрінісі екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Семинар қонақтарға терең ой, ерекше рух пен ұлттық мақтаныш сезімін сыйлады. Бауыржан Момышұлының тұлғасы – адал азамат тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Осындай тағылымды шаралар жас буынды елін сүйетін, елі үшін қызмет ететін нағыз азамат етіп қалыптастыруға зор ықпал ететіні сөзсіз

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: