19
қаңтар
2026
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 6–7-сынып қыздарымен жиналыс өткізілді.
19.01.2026 ж. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 6–7-сынып қыздарымен жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Қыз балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, әдептілікке, жинақылыққа, ибалыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ денсаулық сақтау, гигиена және қазіргі қоғамдағы қыз баланың рөлі туралы ақпарат беру.
Жиналыс жоспар бойынша келесі мәселелерді қамтыды:
Ұлттық құндылықтар мен тәрбие. Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне қатысты «Қызға қырық үйден тыйым» мәтелінің мағынасы түсіндірілді. Қыз баланың жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті және үлкенді сыйлау әдебі туралы айтылды.
Жеке бас гигиенасы. Қыз балалардың физиологиялық ерекшеліктері, салауатты өмір салтын сақтау және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы баяндама жасалды.
Құқықтық сауаттылық және қауіпсіздік. Жасөспірім қыздар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кешкі уақыттағы қауіпсіздік және әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті талқыланды.
Жиналыс соңында қыз балаларға мектеп ішіндегі тәртіпті сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау және бос уақытты тиімді өткізу (үйірмелерге қатысу) бойынша ұсыныстар берілді. Қыздардың бойында өзіне деген сенімділік ұялатылып, ұлттық тәрбие негіздері туралы түсініктері кеңейтілді.