Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2026

**Мұқағали Мақатаевтың** туғанына 95 жыл

2026 жылы ғасырдың ақиық ақыны **Мұқағали Мақатаевтың** туғанына 95 жыл толып отыр.

Осыған орай мектебімізде «Мұқағали оқулары» өткізілді. Бұл мерейтой – ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа танытуға үлкен мүмкіндік. Оның өлеңдері қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады.

Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының сұңғыла тұлғасы, лирик ақын, аудармашы. Ол 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген.

Ақынның өлеңдері терең сезімге, адамгершілікке, туған жер мен елге деген шексіз махаббатқа толы. Мұқағали Мақатаевтың шығармалары қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Оның поэзиясы халыққа жақын, тілі қарапайым әрі шынайы. Ақынның **«Өмірдастан», «Аққулар ұйықтағанда», «Фариза, Фаризажан»** сияқты туындылары оқырман сүйіспеншілігіне бөленген.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: