"UIB" университеті өкілдерімен кездесу
Бүгін мектебімізге UIB университеті өкілдері келіп, 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында университет мамандары оқу орнының білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері, оқу ақысы, грант мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, талапкерлерге құжат тапсыру ережелері мен қабылдау талаптары түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды.