Қызметіне адал ұстаз. Преданный учитель » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қыркүйек
2020

Қызметіне адал ұстаз. Преданный учитель

Қызметіне адал ұстаз
 Преданный учитель


«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демей ме, мен өз әріптесім, өте сирек кездесетін жан Сандуғаш Зарыққанқызы туралы айтқым келеді. Ол Сәкен Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектепке 1996 жылы институт бітіре сала келді. Міне содан бері 24 жыл бойы екеуміз бірге қызмет етіп келеміз. Содан бері Сандуғаш мені өзінің іздемпаздығымен таңқалдырып келеді. Ол қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі, бірлестік жетекшісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқара жүріп, шығармашылықпен жұмыс жүргізуді тоқтатқан емес. Ешқашан болдым, толдым, шаршадым демейді. Үнемі өзін-өзі дамытып, ізденіс үстінде жүреді. Түрлі әдебиеттерді оқып, курстан курсқа қатысып үздіксіз білімін жетілдіріп отырады. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында екінші деңгей бағдарламасын аяқтады, «Тәжірибедегі рефлексия» кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері курсын аяқтап, мектеп мұғалімдеріне жоғары деңгейде біліктілігін арттыру курсын өткізді. Өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, ауданға, қалаға таратып отырады. Мен осындай әріптесім барын мақтан етемін. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ой бөлісіп, кеңес беріп отыратын жанның болғаны қандай жақсы. «Ұстаз ұлы есім» десек, Сандуғаш Зарыққанқызы осы есімге әбден лайық.

С.Сейфуллин атындағы №74 жббм директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Садыкова

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: