"Мектепке барар жол" акциясы » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
тамыз
2021

"Мектепке барар жол" акциясы

«Білімнен жақсырақ қазына болмас». Кез келген бала білім алуға тиісті және құқылы. Қыркүйек айы жақындаған сайын көптеген ата-аналарды балаларын мектепке дайындау мәселесі тұрады. Ол қалыпты жағдай. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында 2008 жылдан бері мектеп жасындағы оқушылардың мектепке дайындықпен келуіне қайырымдылық көрсету жолында «Мектепке барар жол» акциясы жұмыс істеуде. Бұл акция ата-аналарға оқушыларды мектепке дайындау барысында үлкен септігін тигізеді.

«Мектепке барар жол» акциясы жыл сайын қаржылай және материалдық көмек көрсету жолында аз қамтылған отбасындағы балаларға өткізіледі. Бұл акция өз алдына көп балалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға, жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету және 1 қыркүйекке әлеуметтік себептерге байланысты баланың оқуға келмеуін ескерту мақсатымен жұмыс жасайды.
С.Сейфуллин атындағы №74 ЖББ мектеп осы акция аясында өз үлесін қосуда. Акцияның алғашқы күндерінде жылда қайырымдылық акциясына қатысып жүретін ата -ана Абдрахманова Арзыгүл 20 мың теңге көлемінде мектепке керекті канцелярлық құрал-жабдықтар алып, аз қамтылған отбасынан шыққан 5 оқушыға сыйға тартты.
"Мектепке  барар  жол"   акциясы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: