Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы сұқбатында келелі мәселелер қозғалды » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2022

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы сұқбатында келелі мәселелер қозғалды



Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының сұқбатында келелі мәселелер қозғалды. "Тәртіпке бағынған құл болмайды' деп Бауыржан Момышұлы айтқандай рас заң аясындағы жұмыстарды қолға алу керектігін баса айтқан ел басшысы дұрыс бағытты ұстанады деген сенімдемін. Заң жалпыға бірдей. Президент нұсқаған заңға бағынғысы келмейтіндермен жүргізілетін жұмыс әлі де нақтылауды қажет етіп отыр.Дәл қазір халықпен бірге етене жұмыс жасауды қолдап, ел азаматтарына осы бағытта бағыт-бағдар беріп отырған Қ.К.Тоқаевтың ойы, сөзі, соған сай ісі халықтың көңілінен шығады деп ойлаймын. Уақыт барлығын орнына келтіріп, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайының жақсаруына бағытталған барлық іс-шаралар ел ертеңін жарқын ететіні анық. Ұрпақ ертеңіне алаңдар, жаңа мемлекет құруды мақсат етіп отырған Президентті қолдаймын. Бұл енді уақыт еншісінде...Еліміздің ертеңі жарқын болатынына сенемін. Әсіресе, ел болашағы жастардың ертеңі білім саласында оңтайлы өзгерістер болады деп ойлаймын. Білім - әлемді бағындырар күш. Сондықтан бұл бағытта бізге ұлттық құндылықтарымызды насихаттау аса маңызды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бағытта да оң шешім қабылдап, келелі істерді қолдайтынына сеніммен қараймын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: