Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары / Заместитель директора по учебной работе » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 74 имени С.Сейфуллина» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қазан
2023

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары / Заместитель директора по учебной работе

Өмірбаян

Мен, Садыкова Жамила Манасбаевна, 1975 жылы қаңтардың 25-інде Талдықорған облысы Гвардия ауданы Қоғалы селосында дүниеге келдім. 1982 жылы Талдықорған облысы Кербұлақ ауданы Жоламан орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, аталған мектепті 1992 жылы аяқтап шықтым.
1993 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетіне, филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, осы жылы тәлімгер болып Жоламан орта мектебіне жұмысқа қабылдандым.
1995 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызметімді бастадым. Осы жылы Кербұлақ аудандық мұғалімдер арасында өткен «Абай оқуы» байқауына қатысып, жүлделі 3-орын алдым.
1996 жылдан бастап осы күнге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектепте алдымен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып, содан соң 2014 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.
Мектепішілік, аудандық, Алматы қаласы Білім басқармасының грамотасымен марапатталдым. «Батырлар жырындағы ұлттық құндылықтар» атты элективті курс бағдарлама авторымын.
Тұрмыстамын. Күйеуім және үш балам, келінім және үш немерем бар. Өмірлік жарым Садыков Еркін Ербатырұлы «БДО Қазақстан» компаниясында жүргізуші болып жұмыс істейді. Ұлым Ербатыров Шалқар 1994 жылы туылған, әскери қызметте. Келінім Хамза Назерке, 1996 ж.т. педагог-психолог. Екінші ұлым Ербатыр Санжар, 2001 ж.т., әскери қызметте. Қызым Ербатыр Жания 2012 ж.т., 6-сыныпта, №142 ЖББМ-те оқиды.
Мекен-жайым: Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Жұлдыз» -1 ықшам ауданы 26Б үй, 15 пәтер.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: