29
қазан
2025
“Заманауи мамандықтар: мектеп оқушыларына бағыт-бағдар” семинар
2025 жылдың 29 қазан күні Нархоз университетінде мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған “Заманауи мамандықтар: мектеп оқушыларына бағыт-бағдар” атты ақпараттық-білім беру шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жайлы жан-жақты ақпарат беру, абитуриенттерге кәсіби бағдар ұсыну, сондай-ақ ҰБТ-ға дайындық бойынша маңызды мәліметтермен таныстыру.
Кездесу барысында қатысушыларға жоғары оқу орнына түсуге көмектесетін әртүрлі білім беру платформалары, оқу ресурстары және цифрлық құралдар ұсынылды. Сонымен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматы, жоспарлау тәсілдері және пән таңдау бойынша түсініктемелер берілді.