09
желтоқсан
2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты
2025 жылдың 9шы желтоқсанында Түрксіб ауданының орта мектеп оқушылары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына экскурсияға барды. Бұл іс-шара әскери-патриоттық тәрбие беру және жас ұрпақты Отанға қызмет етуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар институттың оқу орнының тарихы, даму бағыттары және оқу-материалдық базасымен танысты. Сонымен қатар, олар институт қабырғасында қызмет ететін әскери мамандармен кездесіп, офицерлердің күнделікті қызметі, оқу бағдарламалары және әскери білімнің маңызы туралы ақпарат алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында ел қорғанысына адалдық, әскери қызметке құрмет және патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ болашақта әскери оқу орындарына түсу немесе Қорғаныс күштеріне қызмет ету туралы ойлануға кәсіби бағдар беру болды.