Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Театрдың ғажайып әлемі" театр өнерінің республикалық фестиваль- байқауының VIII қалалық кезеңі
31
наурыз
2025

"Театрдың ғажайып әлемі" театр өнерінің республикалық фестиваль- байқауының VIII қалалық кезеңі

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Театрдың ғажайып әлемі" театр өнерінің республикалық фестиваль- байқауының VIII қалалық кезеңі
Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткен "Театрдың ғажайып әлемі" театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының VIII қалалық кезеңінде мектептің "Шабыт" театры М. Мағауиннің "Бір атаның балалары" кітабының желісі бойынша үзіндісінен театрлық қойылым көрсетті. 

Фестиваль мақсаты — жас ұрпаққа театр өнерінің маңыздылығын түсіндіру, оларды шығармашылыққа, өнерге баулу, театр арқылы тұлғалық және рухани дамуды қалыптастыру. Сонымен қатар, мектептің өнер саласындағы дарынды оқушыларының қабілеттерін ашып, өнердің түрлі жанрларында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру.
Бір атаның балалары" қойылымында театр ұжымы М. Мағауиннің шығармасынан үзінділер арқылы қазақ қоғамындағы отбасы, бауырмалдық, тарихи және мәдени құндылықтарды көрермендерге жеткізді. Бұл шығармашылық жұмыс оқушыларға өз халқының мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттырып, олардың ұлттық рухани дамуына ықпал етті.

whatsapp-unknown-2025-04-03-at-07_28_35.zip [368,41 Kb] (cкачиваний: 0)

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Ұқсас жариялымдар:

07 наурыз 2025 Мәзір/Меню 07.03.2025
17 қаңтар 2025 Мәзір/меню 17.01.2025
13 қаңтар 2025 Мәзір/Меню 13.01.2024