Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
134 балл — еңбектің жеңісі!
16
маусым
2025
134 балл — еңбектің жеңісі!
134 балл — еңбектің жеңісі! 11-сынып оқушымыз Тоқашев Сұлтан ҰБТ-дан 134 балл жинап, үлкен нәтижеге қол жеткізді! Бұл – жай ғана балл емес, бұл – тынымсыз дайындықтың, қажырлы еңбектің, үлкен мақсаттың нәтижесі! 💪📖 Сұлтан – білімге құштар, арманына сенетін, талпынудан шаршамайтын оқушы. Біз саған сенеміз! Алда әлі талай белес, сен оларды да бағындырасың!
9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі
13
маусым
2025
9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі
Мектебімізде 9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі сәтті өтті! 🌟 Бұл күн – білім баспалдағының маңызды бір кезеңі аяқталып, жаңа жолдың басталған сәті. ✨ Қымбатты түлектер, артта қалған жылдар – сіздердің еңбек, ізденіс, достық пен естеліктерге толы кезеңдеріңіз. Алда – жаңа мүмкіндіктер, жаңа белестер! 💐 Барша 9-сынып бітірушілерін жүрек жарды құттықтаймыз! Мақсаттарыңыз айқын, жолдарыңыз ашық болсын! 💫
✨ Қош бол, сүйікті лагерь!
09
маусым
2025
✨ Қош бол, сүйікті лагерь!
Мектебіміздің жанындағы жазғы лагерь нағыз қызық пен достықтың мекеніне айналды. Балалар жаңа достар тауып, түрлі ойындар мен шараларға қатысты. Соңғы күн – ерекше есте қалды! 🎤🎶 Ән, би, көңілді концерт және әсерлі қоштасу сәттері… Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жүректен шыққан алғыстарын айтты. 💛 Бұл жаз – ұмытылмас естелікке айналды!