09
ақпан
2026
«Adilet» колледжінің өкілдерімен кездесу
Бүгін «Adilet» колледжінің өкілдері мектепке келіп, 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында оқушылар колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу барысы, түсу талаптары және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.
Іс-шара интерактивті форматта өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау бойынша пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар, оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктері мен қабілеттерін анықтау мақсатында психотип анализі жүргізілді. Анализ нәтижелері әр оқушының жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсінуге көмектесіп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт берді.
Кездесу оқушылар үшін мазмұнды әрі қызықты өтті, көптеген оқушылар өз болашақ мамандығы туралы ой түйіп, пайдалы ақпарат алды.