24
қараша
2025
Каспий колледжінің мамандарымен, 9-сынып оқушыларының кездесуі
24 қараша күні мектебімізге Каспий колледжінің мамандары келіп, 9-сынып оқушыларына арналған кешенді кәсіптік бағдар беру жұмыстары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды болашақ мамандықтармен таныстыру, олардың кәсіби қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағытталған кеңес беру болды.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының тарихы, материалдық-техникалық базасы, оқу жүйесі және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді. Колледжде оқытылатын мамандықтар, олардың еңбек нарығындағы сұранысы, оқу мерзімі, дуальды оқыту жүйесі, өндірістік тәжірибе өту тәртібі және гранттық мүмкіндіктер туралы толық түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға бейіндік бағытты дұрыс таңдау жолдары, кәсіби бағдардың маңыздылығы, мамандыққа сәйкес жеке қабілеттерді дамыту жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Кездесу интерактив форматта өтті: оқушылар сұрақтар қойып, мамандардан нақты әрі толық жауаптар алды.