Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қараша
2025

“Каспий университеті” өкілдерімен кездесу

2025 жылдың 3 қазан күні мектепте өткізілген сынып сағаты аясында “Каспий университеті” өкілдері 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға университеттің оқу бағдарламалары, мамандықтары, білім беру артықшылықтары және қабылдау ережелері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, оқушыларға “Каспий университеті” жайлы қосымша мәліметтер қамтылған ақпараттық кітапшалар таратылды, бұл материалдар оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда және жоғары оқу орны туралы толық танысуға мүмкіндік берді.

Бұл шараның негізгі мақсаты — жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру, университеттер туралы хабардарлықты арттыру және мамандық таңдауға қолдау көрсету.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: