Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қараша
2025

"Кәсіптік бағдар беру" көрмесі

20-шы қараша күні "Атакент" кешенінде 9–11 сынып оқушыларына арналған ауқымды "Кәсіптік бағдар беру" көрмесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу, жоғары оқу орындары туралы нақты әрі жан-жақты ақпарат беру. Көрмеге еліміздің әртүрлі қалаларынан келген көптеген университеттер, колледждер және білім беру орталықтары қатысты.

Ұйымдар өздерінің білім бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, оқу барысы, халықаралық алмасу бағдарламалары және қабылдау талаптары туралы оқушыларға толық мәлімет берді. Оқушылар мамандармен тікелей сөйлесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды, әр университеттің артықшылықтарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды.

Бұл көрме оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға және жоғары білім алу жолдарын түсінуге үлкен септігін тигізген маңызды шара болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: