27
қаңтар
2026
"Халықаралық сервис және менеджмент" кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін, мектебімізге "Халықаралық сервис және менеджмент" колледжінің профориентаторы келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында профориентатор оқушыларға "Халықаралық сервис және менеджмент" колледжінде оқытылатын мамандықтар, оқу бағдарламалары, қабылдау талаптары, оқу мерзімі және колледждің материалдық-техникалық базасы туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығына тоқталып, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес мамандық таңдауға бағыт-бағдар көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Кәсіби бағдар жұмысы оқушылардың болашақ мамандыққа деген көзқарасын қалыптастыруға және саналы таңдау жасауына оң ықпал етті.