Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
желтоқсан
2025

«Қазіргі заман мамандықтары және болашақ» тақырыбындағы сынып сағаты

«Қазіргі заман мамандықтары және болашақ» тақырыбындағы сынып сағаты аясында 9 «А» сыныбында кәсіби бағдар беру сабағы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазіргі еңбек нарығындағы өзгерістер туралы түсінік беру, болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтармен таныстыру және саналы түрде кәсіп таңдауына бағыт-бағдар беру.

Сабақты профориентатор Әуелхан Ш.Д. жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға қазіргі таңда еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие IT мамандықтары, медицина, инженерия, білім беру, қызмет көрсету салалары, сондай-ақ болашақтың кәсіптері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, кәсіп таңдауда жеке қызығушылық, қабілет, білім деңгейі мен қоғам сұранысын ескеру қажеттігі түсіндірілді.

Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кәсіби бағдар беру сабағы оқушылардың болашақ мамандыққа деген көзқарасын қалыптастыруға, мақсат қоюына және дұрыс таңдау жасауына оң әсерін тигізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: