17
желтоқсан
2025
Kazakh American University (KAU) университеті
2025 жылғы 15 желтоқсанда Kazakh American University (KAU) университетінің амбассадорлары мектепке арнайы келіп, 11-сынып оқушыларына өздерінің жоғары оқу орны туралы таныстыру жұмысын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру және шетелдік үлгідегі білім беру жүйесімен таныстыру болды.
Іс-шара барысында амбассадорлар Kazakh American University-дің тарихы, білім беру бағдарламалары, мамандықтар бағыттары, оқу жүйесінің ерекшеліктері және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, университетке түсу талаптары, гранттар мен жеңілдіктер, студенттік өмір және халықаралық серіктестік бағдарламалар туралы мәлімет берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университетте оқу шарттары, оқу ақысы, қабылдау ережелері және болашақтағы еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы нақты жауаптар алды. Амбассадорлар оқушыларды белсенді болуға, мақсатты түрде мамандық таңдауға және жоғары білім алуға ынталандырды.