Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ақпан
2026

«Мамандық таңдау – табысқа апарар жол»

«Мамандық таңдау – табысқа апарар жол» тақырыбында мектеп психологы мен профориентатордың бірлесе ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Профориентациялық профилактика мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, олардың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға көмектесу болды.

Іс-шара барысында түрлі психологиялық жаттығулар, пікір алмасулар және топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, мамандық таңдау барысында кездесетін қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы ақпарат алды.

Профориентациялық профилактика қатысқан оқушылар белсенділік танытып, іс-шара олар үшін пайдалы әрі қызықты өтті. Қорытындылай келе, аталған тренинг оқушылардың өзін-өзі тануына және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына оң әсерін тигізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: