Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Кәсіби бағдар беруші – оқушының отбасы, пән мұғалімдері, психолог және мектеп әкімшілігі арасындағы орталық тірегі»
08
қыркүйек
2025
«Кәсіби бағдар беруші – оқушының отбасы, пән мұғалімдері, психолог
2025 жылы 8 қыркүйек күні ЦИД-та «Кәсіби бағдар беруші – оқушының отбасы, пән мұғалімдері, психолог және мектеп әкімшілігі арасындағы орталық тірегі» тақырыбында кәсіби бағдар беру жөнінде семинар өткізілді. Семинар барысында кәсіби бағдар берудің маңыздылығы, оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін факторлар және мектептегі кәсіби бағыт-бағдар жұмысының тиімді жолдары талқыланды. Семинарда спикерлер сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен және пайдалы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар,
Сайлау жүйесімен таныстыру
08
қыркүйек
2025
Сайлау жүйесімен таныстыру
🗳 Аудандық сайлау комиссиясының өкілдері 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, еліміздегі сайлау жүйесі туралы кең көлемді ақпарат берді. 📌 Іс-шара барысында оқушылар сайлау тәртібі, азаматтардың сайлаудағы құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жас ұрпақтың қоғам өміріне белсенді қатысуының маңызы жайлы мәлімет алды.
Ұлттық ойындар
08
қыркүйек
2025
---
Ұлттық ойындар
“Ұлттық ойын” Әр үлкен қоңырауда балаларға ұлттық ойындар ұйымдастырылады. «Асық ату», «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ”, “Бес тас” сынды қызықты ойындар оқушылардың бос уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, олардың шапшаңдық, ептілік, бірлік пен достыққа деген ықыласын арттырады. Бұл дәстүр – жас буынның бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттың мәдениеті мен тарихына сүйіспеншілікті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
“Жолда жүру ережелері” 5-сыныптарда сынып сағаты
08
қыркүйек
2025
“Жолда жүру ережелері” 5-сыныптарда сынып сағаты
🚦 5-сыныптарда «Жолда жүру ережелері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Шара барысында оқушыларға жолда жүрудің негізгі қағидалары, жаяу жүргіншілердің міндеттері мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. 👦👧 Балалар түрлі жағдаяттар арқылы өз білімдерін пысықтап, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекітті.
"Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім" сынып сағаты
08
қыркүйек
2025
"Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім" сынып сағаты
✨ «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл шара «Адал азамат – біртұтас Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. 📚 Сынып сағаты барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы, ата-анаға құрмет пен сүйіспеншілік, жанұядағы сыйластық құндылықтары туралы ой бөлісті.