Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жолда жүру ережелері” 5-сыныптарда сынып сағаты
08
қыркүйек
2025
“Жолда жүру ережелері” 5-сыныптарда сынып сағаты
🚦 5-сыныптарда «Жолда жүру ережелері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Шара барысында оқушыларға жолда жүрудің негізгі қағидалары, жаяу жүргіншілердің міндеттері мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. 👦👧 Балалар түрлі жағдаяттар арқылы өз білімдерін пысықтап, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекітті.
"Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім" сынып сағаты
08
қыркүйек
2025
"Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім" сынып сағаты
✨ «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл шара «Адал азамат – біртұтас Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. 📚 Сынып сағаты барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы, ата-анаға құрмет пен сүйіспеншілік, жанұядағы сыйластық құндылықтары туралы ой бөлісті.
Ұлттық киім күні
05
қыркүйек
2025
Ұлттық киім күні
Әр жұма – ұлттық рухты дәріптейтін күн 🌿 Мектебімізде әр апта сайын жұма күні ерекше мәнге ие. Бұл күн – “Ұлттық киім күні” болып белгіленген. Оқушыларымыз мен ұстаздарымыз қазақы нақыштағы киімдерін киіп, ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға үлес қосады. Мұндай игі бастама жас ұрпақтың бойына елдік рухты, ұлттық болмысты сіңіріп, тарих пен мәдениетке деген құрметін арттырады.
Ұлттық ойындар
05
қыркүйек
2025
Ұлттық ойындар
“Ұлттық ойын” Әр үлкен қоңырауда балаларға ұлттық ойындар ұйымдастырылады. «Асық ату», «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ”, “Бес тас” сынды қызықты ойындар оқушылардың бос уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, олардың шапшаңдық, ептілік, бірлік пен достыққа деген ықыласын арттырады. Бұл дәстүр – жас буынның бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттың мәдениеті мен тарихына сүйіспеншілікті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
«Абайлаңыз, балалар!» акциясы
04
қыркүйек
2025
«Абайлаңыз, балалар!» акциясы
Алматы қаласы Патрульдік полиция полкінің аға инспекторы, полиция капитаны Тұрғаналы С.А. мен инспектор, полиция старшинасы Белгибаев М.Б. №74 жалпы білім беретін мектептің 1-сынып оқушыларымен «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында кездесу өткізді. Шара барысында оқушыларға жолда жүру ережелері түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бұл акцияның негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды тәртіпке,
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының  өкілдерімен  кездесу
04
қыркүйек
2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери
Бүгін 10-11 сынып оқушыларының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының өкілдерімен кездесуі өтті. подполковник Дильдабаев Данияр Жаксылыкович,кіші сержант Атейбеков Григорий Бакытжанович және Курсант Нурланов Диас Даниярович оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, институтге түсу жайлы ақпарат берді.