«Балалар әдебиетінің бағдары» атты кітап көрмесі
74 ЖББ мектеп кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бағдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ауызша журнал өткізілді. 10 «А» сынып оқушысы Жорахан Назым жазушының «Көксегеннің көргендері» атты кітабы туралы толық мәлімет берілген бейнетаспа көрсетіліп, оқырмандарға осы кітапты алып оқуға кеңес берілді.