Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Теңге күніне" орай кітап көрме
20
қараша
2025
"Теңге күніне" орай кітап көрме
Мектеп кітапханасында "Теңге күніне" орай кітап көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар теңгенің шығу тарихы, ұлттық валюта туралы қызықты мағлұматтармен танысты. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары ұлттық теңгеге арналған тақпақтарын мәнерлеп оқып, көрменің мазмұнымен танысты. Бұл іс-шара балалардың отансүйгіштік қасиетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қаржылық сауаттылыққа баулуға бағытталды.
«Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының     шамшырағы» атты кітап көрме
20
қараша
2025
«Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының шамшырағы» атты кітап көрме
20 қараша күні мектеп кітапханасында «Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының шамшырағы» атты кітап көрме ұйымдастырылып 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен ұлы ғалым, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туралы дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында оқушылар ғалымның өмір жолы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі жайлы презентациялар жасап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар жазушы С. Бегалиннің «Шоқан асулары» атты тарихи-танымдық кітабын оқыған оқушылар үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
"Жастар-бейбітшілік кепілі" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен тренинг
20
қараша
2025
"Жастар-бейбітшілік кепілі" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен тренинг
2025 жылдың 15-25 қараша аралығында "Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік" аясында 20.11.2025 жылы "Жастар-бейбітшілік кепілі тақырыбында 9 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Оқушыларға төзімділік (толеранттылық), өзара сыйластық, келіссөз жүргізу және жанжалды бейбіт жолмен шешу дағдыларын, сонымен қатар мектептегі буллингті болдырмау, буллингтен қорғану жолдарын үйрету болды.
С. Сейфуллин атындағы №74 ЖББМ-де 19.11.2025 – 28.11.2025 аралығында физика, математика және информатика пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті.
19
қараша
2025
С. Сейфуллин атындағы №74 ЖББМ-де 19.11.2025 – 28.11.2025 аралығында
С. Сейфуллин атындағы №74 ЖББМ-де 19.11.2025 – 28.11.2025 аралығында физика, математика және информатика пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті. Оңкүндік аясында пән мұғалімдері түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырып, оқушыларға танымдық, қызықты білім беру мүмкіндігін жасады. Оңкүндік барысында өткізілген іс-шаралар: •ашық сабақтар; •пәндік байқаулар мен интеллектуалдық ойындар Әр іс-шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық және логикалық ойлауын дамытуға бағытталды.
"Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік"
19
қараша
2025
"Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік"
2025 жылдың 15-25 қараша аралығында "Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік" аясында 19.11.2025 жылы "Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен пікірталас өткізілді. Бұл іс шараның негізгі мақсаты: темекі тұтынудың (оның ішінде электронды темекілер мен вейптер) денсаулыққа тигізетін зиянды әсері туралы оқушыларды кеңінен ақпараттандыру және адамдарды ұл зиянды әдеттен бас тартуға ынталандыру болып табылады. Балалардысалауатты өмір салтын ұстануға
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында дебат
18
қараша
2025
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында
2025 жылдың 15-25 қараша аралығында "Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік" аясында 18.11.2025 жылы "Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында дебат өткізілді.
"Менің құқығым"эссе байқауы
18
қараша
2025
"Менің құқығым"эссе байқауы
2025 жылдың 15-25 қараша аралығында "Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік" аясында 18.11.2025 жылы "Менің құқығым" тақырыбында 10 сынып оқушыларымен эссе байқауы өткізілді. Бұл іс шараның негізгі мақсаты: оқушыларды өз құқықтарын білуге шақыру.
“Еуразия агро-техникалық колледжіне” ашық есік күні
17
қараша
2025
“Еуразия агро-техникалық колледжіне” ашық есік күні
2025 жылдың 17 қазан күні 9-сынып оқушылары “Еуразия агро-техникалық колледжіне” ашық есік күніне барып, оқу мекемесімен жақын танысты. Шара барысында колледж өкілдері оқушыларға оқу орнының мамандықтары, білім беру мүмкіндіктері және материалдық-техникалық базасы туралы толық таныстыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында оқушылар үшін түрлі танымдық және қызықты ойындар ұйымдастырылды, сондай-ақ колледждің арнайы кабинеттері мен шеберханалары көрсетіліп, олардың жұмыс тәртібі мен жабдықталуы